Еуразиялық экономикалық комиссия «Бірыңғай терезе» тетігін іске асыру құралдарының басымдылығын бағалау сауалнамасын іске қосты

Еуразиялық экономикалық комиссия «Бірыңғай терезе» тетігін іске асыру құралдарының басымдылығын бағалау сауалнамасын іске қосты

Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер «Бірыңғай терезенің» ұлттық тетіктерін белсенді дамытуда.

Бірыңғай тәсілді қолдану мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия алқасында осы тетікті іске асырудың басым құралдарын әзірлеу туралы ұсынымдар берілді.

Объективтілік үшін Комиссия мүше мемлекеттердің мүдделі мемлекеттік органдарына, заңды тұлғаларына және бизнес-қауымастықтарына сауалнама жүргізу үшін ақпараттық ресурсты дайындады.

Сауалнама 2024 жылғы 25 сәуір мен 25 мамыр аралығындағы өтеді.

Сауалнама және оны толтыру жөніндегі нұсқаулық Одақтың ресми сайтында кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаментінің бөлімінде орналастырылған (қызметі – «Бірыңғай терезе» тетігінің басым құралдары – сауалнамаларды толтыру).

Сауалнамаға сілтеме:

https://eec.eaeunion.org/comission/department/dep_tamoj_zak/filling_out_forms.php

Сауалнама ұйымдастырушылық, құқықтық, технологиялық және техникалық болып бөлінген 16 құрал бойынша жүргізіледі.

Әрбір құрал үшін 4 критерий бойынша 5 балдық шкала негізінде баға (индикатор) қою керек.

Сыртқы сауда саласындағы қызметті жүзеге асыратын барлық мүдделі тұлғаларды сауалнамаға қатысуға шақырамыз.