«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы (№119, №323)

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы (№119, №323)

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының  жобасын (бұдан әрі - жоба) әзірледі.

Жобаны қабылдаудың мақсаты Кәсіпкерлік кодексінің 35-бабының нормасын ескере отырып, кәсіпкерлік қызметті тіркеусіз жүзіге асыратын салық төлеушілерді айқындау өлшемшарттарына өзгерістер енгізу, сондай-ақ алынатын мәліметтер нысанын «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің (Салық кодексі) 69-бабы 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес келтіру болып табылады

Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарға әкеп соқпайды.

Бұл бұйрық жобасы 2024 жылғы 29 наурызында Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет – порталында орналастырылды https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14997816.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылғы 12 сәуіріне дейін.