
Хаттаманың жобасын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен Еуразиялық экономикалық комиссия 2015 жылғы 29 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімнің 4.29-бабын іске асыру мақсатында әзірледі.
Тауарлардың шығарылған жерін сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесі-мұндай сертификаттарды беруге уәкілетті ұйымдар, сондай-ақ кеден органдары арасында тауарлардың шығарылған жерін туралы преференциялық сертификаттардан электрондық деректер алмасу жүйесі. Бұл жүйені қолдану Вьетнаммен сауда-саттықта қағаз сертификаттарын пайдаланудан бас тартуға және соның салдарынан тарифтік преференцияларды алу үшін қажетті тауарлардың шығарылған жерін құжаттамалық растау рәсімін жеңілдетуге бағытталған.
Жобаны қабылдау және оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.