3,5 миллион қорап темекіні қазақстан-қырғыз шекарасы арқылы заңсыз өткізуге тырысқан

3,5 миллион қорап темекіні қазақстан-қырғыз шекарасы арқылы заңсыз өткізуге тырысқан

        Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

       Заңсыз жүкті 2024 жылғы 23 наурызда қазақстан-қырғыз шекарасында ұстаған. «Айша бибі» өткізу пунктінде тәуекелдерді басқару жүйесінің көмегімен 4 ауыр жүк ұсталды.

       Тауарға ілеспе құжаттардың мәліметтері бойынша автокөліктер Қырғызстаннан Түркияға транзитпен өтіп, бұршақты тасымалдаған.

      Тексеру барысында 3,5 млн. астам қорап темекі (Milano, Cavallo, Platinum, Taj) анықталды. Іс жүргізу шешімін қабылдау үшін, барлық материалдар Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне берілді. 

       МКК өңірде наурыз айында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің жүктерді заңсыз тасымалдаудың жолын кесу бойынша бірлескен жедел-алдын алу іс-шаралары өткенін хабарлайды.

       5 наурызда Қырғызстаннан жолаушыларсыз келе жатқан үш жолаушы автобусының бірлескен тексерулерінің нәтижесінде олардың жүк бөлімдерінде 8 мыңнан астам халық тұтынатын тауарлар: киім, сантехника, шлангілер, шай, бет маскалары, аяқ киім сөмкелері, рюкзактар табылды. Барлық тауарлар ілеспе құжаттарсыз болды. 

      10 наурызда Қырғызстаннан келе жатқан жолаушылар автобусының бензин багында акцизделетін өнім үшін көзделген сәйкестендіру құралдарынсыз 12 700 қорап «Oris» темекісі табылды. 11 наурызда Қырғызстаннан темекіні заңсыз әкелуге әрекет жасау фактісі анықталды. Сондай-ақ, екі жеңіл автокөліктің бензин бактарынан 2 500 қорап «Oris» темекісі табылды (әр көлікте 1 250 қорап). Темекіні заңсыз әкелу фактілері бойынша материалдар тиісті шешім қабылдау үшін сот органдарына жіберілді. 

       Мемлекеттік кірістер комитеті қабылданған шаралар жеке тұлғалардың шекара арқылы тауарлардың қозғалысының өсуіне әкелгенін атап көрсетеді. Салық заңнамасы шеңберінде мұндай әрекеттер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру тұрғысынан қаралатын болады. МКК ҰҚК Шекара қызметімен қазақстан-қырғыз шекарасында тауарлардың заңсыз өткізілуіне жол бермеу жөніндегі бірлескен шаралар жалғастырылатынын атап көрсетеді.