ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТАУАРЛАРДЫ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ ТӘРТІБІ

ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТАУАРЛАРДЫ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ ТӘРТІБІ

       Бүгінгі күні тауарларға арналған декларацияны беру «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады және тауарларға арналған декларацияны тіркеуден бас тартқан жағдайда жүйе осы декларацияны тіркеуден бас тарту туралы себептерін автоматты түрде жібереді.

      Тауарларға арналған декларацияны тапсыру кезінде декларанттар немесе кеден өкілдері құжаттарды ұсыну міндетті болып табылатын жағдайларды, мысалы, тауарлардың шығу тегі, тыйымдар мен шектеулердің сақталуы туралы және т. б. мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік кірістер органына тауарларға арналған декларацияда көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың электронды түрде ұсынылуын сүйемелдемеуі мүмкін.

      Тауарларға арналған декларацияны тіркеуден бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда кеден органы «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, декларацияны электрондық түрде тіркейді. Тіркеу нөмірін беру Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 «Тауарларға арналған декларация нысаны және оны толтыру тәртібі туралы» шешімінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

    Тауарларға арналған декларация тіркелген сәттен бастап жүйе форматты-логикалық бақылау көмегімен автоматты түрде дәліздерді (сары, қызыл, көк) айқындайды. Тәуекелдерді басқару жүйесінің ұсынымы болмаған жағдайда, осы декларацияны автоматты түрде шығаруға жібереді.

     Алайда, тәуекелдерді басқару жүйесінің ұсынымы болған жағдайында лауазымды тұлға құжаттар мен мәліметтерді тексеруді, сондай-ақ кедендік жете тексеру/қарап-тексеру түріндегі кедендік бақылау нысанын қолдана отырып, физикалық бақылауды немесе кедендік сараптаманы жүзеге асырады.

     Кедендік бақылау аяқталған сәттен бастап лауазымды тұлға белгілі бір дәлізге (жасыл немесе көк (шығарылғаннан кейін)) жібере отырып, тауарларға арналған декларацияны шығаруды жүзеге асырады.

     Бұдан басқа тауарларды шығару кедендік декларация тіркелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей аяқталуы тиіс.

     Тауарларды шығару мерзімі декларантты немесе кеден өкілін осындай ұзарту туралы міндетті түрде хабардар ете отырып, басталған кедендік бақылауды жүргізу немесе аяқтау үшін қажетті уақытқа ұзартылуы мүмкін.