Мүліктік кіріс

Мүліктік кіріс

      Мүлік табыс туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Дина Кусаинова ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде өткен баспасөз конференциясында айтып берді.

     Жеке тұлғаның өз бетінше салық салынуына жататын табыстарының кең тараған түрі -мүліктік кіріс болып табылады.

     1) жеке тұлғаның сату кезіндегі құн өсімінен түсетін кіріс:

     - Қазақстан Республикасында меншік құқығында бір жылдан аз тұрған тұрғын үйлер, саяжайлар, гараждар, паркингтер, жеке қосалқы шаруашылық объектілері, жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелері, көлік, тіркемелер;

    - Қазақстан Республикасындағы коммерциялық жылжымайтын мүлік;

    - шетелдегі жылжымайтын мүлік және механикалық көлік құралдары;

    - инвест.алтын, цифрлық активтер, бағалы қағаздар,  ҚР және шетелдегі компанияларындағы үлестер;

    2) жеке тұлғаның мүлікті (ақшадан басқа) заңды тұлганың жарғылық капиталына салым ретінде беруі кезіндегі құн өсімінен түсетін кіріс;

    3) дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаның, салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруден алған кіріс;

    4) талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын үйдегі (ғимараттағы) үлесті басқаға беруден түсетін кіріс;

     5) шағын бизнес субъектілері үшін не шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің өзге де активтерін сату кезіндегі құн өсімінен түсетін кіріс.  Бұл ретте өзге активтер дегеніміз негізгі құралдар, аяқталмаған құрылыс объектілері, белгіленбеген жабдықтар, материалдық емес активтер, биологиялық активтер болып табылады.

     Мүліктік кіріс қалай анықталады?

    Сату бағасы мен мүлікті сатып алу бағасы арасындағы оң айырма Құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.

     Сатып алу құны болмаған жағдайда: мүлікті мұрагерлік, қайырымдылық көмек, құрылыс түрінде алған жағдайда-мүлікті өткізу бағасы мен тәуелсіз бағалаушы белгілеген бағалау құны арасындағы оң айырма.

     Анықтама үшін: бағалау құны болмаған кезде - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының сатылған мүлікке меншік құқығы туындаған жылдың 1 қаңтарына мүлік салығын есептеу үшін айқындалған құн.

     Жер учаскелері бойынша-мүлікті өткізу бағасы (құны) мен жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны арасындағы оң айырма.

     АСР қолданатын дара кәсіпкер өзге активтерді сатқан кезде, өсім әрбір актив бойынша сату бағасы мен бастапқы құн арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.