2023 жылы Қытай, Грузия, БАӘ, Оңтүстік Корея және Жапониядан қанша автокөлік әкелінді

2023 жылы Қытай, Грузия, БАӘ, Оңтүстік Корея және Жапониядан қанша автокөлік әкелінді

       2023 жылы 149 150 жеңіл автокөлік құралдары кедендік рәсімдеуден өтті. Бұл көліктердің жалпы құны 2,9 миллиард АҚШ долларын құрап,
385,9 миллиард теңге сомада кедендік төлемдер мен салықтар төленген.

       Негізінен автомобильдер 5 елден әкелінді: Қытайдан – 45 984 дана, Грузиядан – 39 395 дана, БАӘ – 20 320 дана, Оңтүстік Кореядан – 14 870 дана, Жапониядан – 11 438 дана.

      Кедендік рәсімдеу кезінде автомобильдің бағасы көрсетіледі. Автокөлік құралдарының бағасы туралы ақпарат ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында орналастырылған, ол қажеттілігіне қарай жаңартылып, толықтырылып отырады.

     Ол ұсынымдық сипаттағы ақпарат ретінде ұсынылады.

     Кеден заңнамасында кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттардың тізбесі белгіленген. Мысалы, егер әкелінетін автокөліктің бағасы Мемлекеттік кірістер комитетінің Баға ақпаратынан айтарлықтай өзгеше болса, тасымалдаушылар келесі құжаттарды ұсынуы керек:

      - өндірушінің немесе автодилердің бағалар тізімі, оның коммерциялық ұсыныстары;

     - импорттық, бірдей, біртекті тауарларды, сондай-ақ сол санаттағы немесе түрдегі тауарларды сатушылардың оферталарымен коммерциялық ұсыныстар;

     - сатушының сатып алушыға жеңілдіктер беруінің негіздері мен шарттары бойынша түсініктемелер. Сатушыдан жеңілдік берілгені және бастапқы құнынан қандай мөлшерде екендігі туралы анықтама.

       Бұл ретте жоғарыда көрсетілген құжаттар тауарларға декларация берумен бірге ұсынылуы қажет екенін атап өтеміз. Бұл шара кедендік тазарту уақытын едәуір қысқартуға көмектеседі.