«Инспекциялық-тексеру кешендерін қолдана отырып алынған рентген бейнелеріне талдау жүргізу» арнайы оқыту курсының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Инспекциялық-тексеру кешендерін қолдана отырып алынған рентген бейнелеріне талдау жүргізу» арнайы оқыту курсының  БАСПАСӨЗ  ХАБАРЛАМАСЫ

2023 жылғы 23 қараша мен 25 қараша аралығында Жетісу облысы және Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері үшін "Қорғас ХШЫО", "Алтынкөл-жол" т/с АҚШ Мемлекеттік департаментінің экспорттық бақылау және шекара қауіпсіздігі бағдарламасының (EXBS) қолдауымен "Сканерлеуші жабдықпен жұмыс істеуге оқыту және рентгендік құрылғылардың суреттерін талдау"" тақырыбында арнайы курс өткізілді.

Дәріскерлер ретінде:

- Қасымқұлова Лаззат Тұрдақынқызы-ОӘО басшысының орынбасары;

- Абдреимова Меруерт Рабатовна-ОӘО цифрландыру және қашықтықтан оқыту бөлімінің басшысы болды.

Курстың негізгі мақсаты - кешенді жүйе-техника мен экипаж болып табылатын шекарадағы өткізу пункттеріндегі бақылау сапасын арттыру, РТҚ операторларының ұсынылған құжаттардың мазмұны туралы мәліметтермен сканерленген суреттерге біліктілік талдауын жүзеге асыру.

Тыңдаушылар рентген-телевизиялық қондырғыларда жұмыс істеудің теориялық және практикалық дағдыларын, сондай-ақ кедендік шекара арқылы тасымалдауға тыйым салынған және шектелген заттарды анықтау мақсатында қол жүгі мен багажды жіктеуді меңгерді.

Курстың қорытындысы бойынша қатысушыларға қорытынды тестілеу өткізілді, МКО-ның 29 қызметкеріне және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2 қызметкеріне курстан сәтті өткендігі туралы сертификаттар табысталды.