«Инспекциялық-тексеру кешендерін қолдана отырып алынған рентген бейнелеріне талдау жүргізу» арнайы оқыту курсының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Инспекциялық-тексеру кешендерін қолдана отырып алынған рентген бейнелеріне талдау жүргізу» арнайы оқыту курсының  БАСПАСӨЗ  ХАБАРЛАМАСЫ

2023 жылғы 20 қараша мен 22 қараша аралығында Жетісу облысы және Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері үшін "Қорғас ХШЫО", "Алтынкөл-жол" к/б АҚШ Мемлекеттік департаментінің экспорттық бақылау және шекара қауіпсіздігі бағдарламасының (EXBS) қолдауымен «Инспекциялық-тексеру кешендерін қолдана отырып алынған рентген бейнелеріне талдау жүргізу» арнайы оқыту курсы ұйымдастырылып, өткізілді.

Дәріскерлер ретінде:

- Қасымқұлова Лаззат Тұрдақынкыновна - ОӘО басшысының орынбасары;

- Абилкасимова Сара Жукановна - ОӘО басшысының орынбасары;

- Абдреимова Меруерт Рабатовна - ОӘО цифрландыру және қашықтықтан оқыту бөлімінің басшысы болды.

Қатысушылар:

- жүктерді интрузивті емес сканерлеу үшін рентгендік технологияларды қолдану;

- сканерлердің техникалық сипаттамасымен;

- жасыру әдістерімен;

- тыйым салынған заттарды (жарылғыш заттарды, жарылғыш құрылғыларды, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді, есірткі заттарын, контрабандалық тауарларды және т. б.) іздестіруді және анықтауды қамтамасыз етумен;

- перспективалық орналасу және рентгендік бейнені терең талдаумен таныстырылды;

Тыңдаушылар рентген-телевизиялық қондырғыларда жұмыс істеудің теориялық және практикалық дағдыларын, сондай-ақ қол жүгі мен багажды жіктеуді, кедендік шекара арқылы тасымалдауға тыйым салынған және шектелген заттарды анықтау мақсатында жүк көлік құралдарын тексеруді игерді.

Курстың қорытындысы бойынша қатысушыларға қорытынды тестілеу өткізілді, МКО-ның 32 қызметкеріне және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 3 қызметкеріне курстан сәтті өткендігі туралы сертификаттар табысталды.