Қостанайда сәйкестендіру құралдарынсыз 14 мыңнан астам темекі өнімі тәркіленді

Қостанайда  сәйкестендіру  құралдарынсыз 14 мыңнан  астам темекі өнімі  тәркіленді

Жүргізіліп жатқан тексеру іс-шаралары аясында Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарынсыз өткізудің 6 фактісін анықтады және жолын кесті.

Рейдтік іс-шаралар барысында заңсыз темекі өнімдері: құны 30 млн. теңгеден асатын  кальянға арналып оралған темекі қоспасы, 14 439 бірлік мөлшерінде шетелде   өндірілген  бөлшек  саудаға арналған  электрондық  темекі  тауары  анықталды  деп  ведомстводан хабарлады. Өнім Қостанай қаласының аумағында сатылған.

Бұзушылық  жасағандарға  ҚРӘҚБтК  ҚРК 283  бабының  2  бөлігі бойынша жауапкершілік  жүктеледі.  Ең  жоғары  санкция  құқық  бұзушылықтың тікелей  нысанасы  болып табылған акцизделетін тауарларды  тәркілей отырып, бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде жазаны өтейді.

Қазақстан Республикасында енгізілген сәйкестендіру құралдарымен міндетті  таңбалау тауарлардың қозғалысын бақылауды автоматтандыруға, сол  арқылы олардың  сапасы  мен қауіпсіздігін  растауға,  сондай-ақ сатушылар  арасында  адал  бәсекелестікті  қамтамасыз  етуге мүмкіндік береді.