Апта сауалы: Мұрагер көлік салығы бойынша қарыздарды өтеуі қажет пе?

Апта сауалы: Мұрагер көлік салығы бойынша қарыздарды өтеуі  қажет пе?

        Мемлекеттік кірістер комитетінің Байланыс орталығына (1414 нөміріне, қосымша нөмірі 3) күн сайын азаматтардан қоңыраулар келіп түседі. Салық төлеушілердің аталған сауалдарына салық салуға қатысты егжей-тегжейлі жауаптар  беріледі. «Апта сауалы» айдарында осы аптада  ең жиі қойылған сұраққа жауап береміз.

       Жеке тұлғаның сауалы:

       Автокөлікті өз атыма аударайын дегенмін, бұрынғы иесі қайтыс болған болатын. Бұрынғы иесінің көлік салығы бойынша берешектері бар болып шықты. Көлік салығы бойынша қарызы мен өсімпұлды кім және қалай төлеуі керек?

       МКК жауабы:

       Салық берешегін мұрагер (мұрагерлер) мұрагерлік мүліктің құны шегінде және оны алған күнгі мұрадағы үлеске сәйкес төлейді.

       Жеке тұлға қайтыс болған күні немесе оны соттың шешімі негізінде қайтыс болды деп жарияланған күні пайда болған салық берешегі төленеді. Бұл жағдайда өсімпұлды есептеу жеке тұлғаның қайтыс болған күніне дейін жүргізіледі.