Мемлекеттік кірістер комитетінің Байланыс орталығына (1414 нөміріне, қосымша нөмірі 3) күн сайын азаматтардан қоңыраулар келіп түседі. Салық төлеушілердің аталған сауалдарына салық салуға қатысты егжей-тегжейлі жауаптар беріледі. Тиімді түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында МКК «Апта сауалы» айдарын іске қосты. Өткен аптада ең көп қойылған сұрақ жеке тұлғаның мүлік салығын төлеуіне қатысты болды.
Жеке тұлғаның сауалы:
Мен мүлік салығын төледім, бірақ маған коммуналдық төлем шоты (ЕРЦ) арқылы тағы да төлеу керектігім туралы ақпарат келіп тұр. Қайта төлеуім керек пе?
МКК жауабы:
Егер Сіз 2022 жыл үшін мүлік салығын осы жылы төлеген болсаңыз, екінші рет төлеудің қажеті жоқ. Себебі ол жылына бір-ақ рет, ағымдағы жылдың қазан айының 1-не дейін төленеді. Егер Сіздің бірнеше жылжымайтын мүлкіңіз болса, салықты әр мүлік бойынша төлеуіңіз керек. Төлеген төлеміңіз түскендігін немесе төлеу керек салықтың сомасын өзіңіз тексере аласыз: