Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы баспасөз хабарламасы

Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы баспасөз хабарламасы

       «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы»Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» интернет-порталында   (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14607766) 2023 жылы 29 маусымға дейінгі мерзімге орналастырылған.

        Жобаны қабылдаудың мақсаты енгізілген өзгерістермен және (немесе) толықтырулармен Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Темекі өнімдерін, қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, электрондық сигареттерде пайдалануға арналған құрамында никотині бар сұйықтықты таңбалау таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралдары құнының шекті мөлшерін айқындау туралы» 2020 жылғы                    30 қыркүйектегі № 623 қаулысын,сондай-ақ «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі, сондай-ақ мұнай өнiмдерiнiң өндірісі мен мұнай өнiмдерi айналымы саласында есептеуіш бақылау аспаптары деректерінің операторын айқындау туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1177 қаулысын және «Арақтарға және айрықша арақтарға, тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге арналған ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы»  № 187 қаулысын, «Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына арналған ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы    № 187 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2022 жылғы 25 наурыздағы № 161 қаулысы күші жойылды деп тану болып табылады.

        Сондай-ақ жобаның мақсаты функциялар бойынша өкілеттіктерді Қазақстан Республикасы Үкіметінен уәкілетті органға бері болып табылады.