Соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тартудың себептерін жою үшін тиісті мемлекеттік органға жүгіну қажет:
- кредиттің сомасы, оны өтеу мерзімдері бойынша – тиісті банкке, микроқаржы ұйымы немесе коллекторлік агенттікке;
- мүліктің бар болуы, заңды тұлғаларда қатысу бойынша – Әділет органдарына (ХҚКО, Электрондық Үкімет порталы);
- автокөлік бойынша – Ішкі істер бөлімдерінің аумақтық бөлімшелеріне немесе Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына (бар болған жағдайда);
- жер учаскілері, ауыл шаруашылық жануарлары және арнайы техника бойынша – жергілікті акиматқа;
- жеке кәсіпкерліктің болуы бойынша – Мемлекеттік кірістер органдарының аудандық бөлімшелеріне.
Егер де борышкерге мүліктің болуы себебінен соттан тыс рәсімінен бас тартылған жағдайда төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану бойынша арызбен тұрғылықты жері бойынша аудандық сотқа жүгінуге болады (Заңның 6, 20-22-баптары).