21-23 қаңтарда қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс жасамайды

21-23 қаңтарда қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс жасамайды

       Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚХР-да Көктемді мерекелеуге байланысты  2023 жылғы 21-23 қаңтарда қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткіу жүзеге асырылмайтындығын хабарлайды.

      Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

      Тасымалдаушылардан және барлық  шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.