Жаңа Салық кодексіне ұсыныстар

Жаңа Салық кодексіне ұсыныстар

 Жұмыс тобы жаңа Салық кодексін әзірлеуге кірісті, оның шеңберінде шоғырландырылған шешімдерді әзірлеу үшін Қаржы министрлігі бизнеспен және халықпен тығыз жұмыс істейтін болады.

Қаржы министрлігі тарапынан ҰЭМ-ге тиісті ұсыныстар, оның ішінде мынадай мәселелер бойынша жолданды:

* экономиканың түрлі секторларында сараланған салық мөлшерлемелеріне көшу;

* салық төлеуден жалтару тәуекелдерін барынша азайту мақсатында арнайы салық режимдерін жеңілдету;

* салық жүктемесін азайту мақсатында ұйымдардың әдейі бөлшектенуіне жол бермеу;

* теңдестік ставкілермен және қарапайым рәсімдермен бөлшек салықты қолдануды кеңейту;

* «сән-салтанат салығын» енгізу мүмкіндігін қарастыру.

Жаңа Кодекстің негізіне жататын 2030 жылға дейінгі жаңа салық саясаты жөніндегі тұжырымдаманың жобасы қалыптастырылуда.