Салық төлеушілерге арналған мобильді қосымшалар

Салық төлеушілерге арналған мобильді қосымшалар

        «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын жеке тұлғалар қолданады. Бүгінде 1,5 млн. азамат осы қосымшаны пайдалануда.

         Қосымша меншік салықтарын (мүлік, жер, көлік салықтары) ыңғайлы төлеу үшін әзірленген.

        «E-Salyq Azamat» көмегімен:

       - жалпыға бірдей декларациялау шеңберінде 580 мыңға жуық декларация немесе 44%-і табыс етілді;

       - 200 млн. теңгеден астам салықтар мен төлемдер төленді.

Мынадай пысықтаулар жоспарлануда:

       - чектерді бермегені және банк картасын қабылдаудан бас тартқаны үшін шағым беру («Азаматтық бақылау – Чекті талап ет» акциясы);

      - жеке шоттарды қарау;

      - жолаушылардың кедендік декларациясын ұсыну және т.б.

      «E-Salyq Вusiness» мобильді қосымшасы  жеке кәсіпкерлер үшін әзірленген. Бүгінде 439 мың жеке кәсіпкер осы қосымшаны пайдалануда.

      Қосымшада мынадай функционал жүзеге асырылған:

      - ЖК ретінде тіркелудің жеңілдетілген тәртібі;

      - салық режимін таңдау немесе өзгерту;

      - БКМ қолданбай чек беру және фискалдық деректер операторларының қызметтеріне ақы төлеу;

      - әр түрлі анықтамалар алу.

    Мынадай пысықтаулар жоспарлануда:

     - жеңілдетілген декларацияны (910-нысан) алдын ала толтыру сервисін құру;

     - такси мен жеткізу қызметтері бойынша интернет-платформалармен интеграциялау.