Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен Ғалымжан Қалдыкөзұлы Орынов Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды

Ғалымжан  Орынов 1975 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 1996 жылы салық инспекторы қызметінен бастап, 2018 жылға дейін Онтүстік Қазақстан облысыбойынша Салық комитетінде түрлі қызметтер атқарған.

      2018 - 2019  жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттіккірістер комитеті қаржылық қамтамасыз ету басқармасының басшысы.

      2019 жылдың мамырынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттіккірістер комитеті Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып жұмыс атқарған