Руслан Данияров Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды

Руслан Данияров Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды

2022 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов Абай облысының Әкіміне және Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына Руслан Данияровты таныстырды.

Данияров Руслан Мамытұлы 1972 жылы Жамбыл облысы, Мерке ауылында туылды. Білімі бойынша - экономист, заңгер. Еуразия нарық институтын, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірді.

Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 26 жыл. Еңбек жолын 1996 жылы Арқалық қаласы Торғай облысы бойынша салық инспекциясының салық инспекторы болып бастады.

1999 жылғы қарашадан бастап 2009 жылғы қазанға дейін Астана қаласының Алматы ауданы бойынша Салық комитетінде түрлі лауазымдарды, оның ішінде басшылық лауазымдарды да, атқарған.

2009 жылғы қазаннан бастап 2020 жылғы наурызға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінде, одан кейін Мемлекеттік кірістер комитетінде түрлі лауазымдарды, оның ішінде басшылық лауазымдарды да, атқарады.

2020 жылғы сәуірден бастап 2022 жылғы сәуірге дейін Мемлекеттік кірістер комитеті Ірі салық төлеушілер департаменті басқармасының басшысы лауазымын атқарды.

2022 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болды.

ҚР Қаржы министрінің 2022 жылғы 23 тамыздағы №620-ж/қ бұйрығымен Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.