Мемлекеттік кірістер комитеті ескертеді!

Мемлекеттік кірістер комитеті ескертеді!

Соңғы кездерде Қазақстан аумағына жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын уақытша алып келу жағдайлары жиіленіп  кеткен (бұлар негізінен Грузия мен Әзірбайжан азаматтары). Мұндай көлік құралдары сосын біздің елдің азаматтарына беріледі.

Ескере кетсек, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кеден аумағына үшінші елдерден уақытша әкелінген көлік құралдары өз бойынша шетелдік тауарлар болып табылады  және кедендік бақылауда болады.

МКК уақытша әкелінген көлік құралдарын сатып алуға және Қазақстан аумағында пайдалануға тек кедендік тазартудан соң және тиесілі кедендік алымдарды және салықтарды төлеген соң ғана қолдануға болатынын ескертеді.

Жеке пайдалануға арналған шетелдік көлік құралдарын, шет ел азаматтары өз көлік құралдарын әкелгеннен соң Қазақстанның аумағынан біраз уақытан кейін кетіп қалатыны байқалуда.

Уақытша әкелу мерзімі аяқталғаннан кейін (бұл 1 жыл)  автокөлік құралдары ЕАЭО аумағынан шығып кетуі қажет, алайда шығып кетпеген жағдайда ЕАЭО қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қолданылатын болады. 

Мемлекеттік кірістер комитеті Полиция департаменттерімен бірлесе отырып рейдттік іс-шаралар жүргізуді ұйымдастырған, заңнамаға сәйкес ондай көліктер ұсталынады.

Қазіргі таңда 125 автокөлік ұсталынып уақытша сақтау қоймаларына орналастырылған. Осы бағытта жұмыстар жалғасуда.

Осыған байланысты, Мемлекеттік кірістер комитеті  Қазақстан азаматтарыннан тек заңнамаға сәйкес автокөліктерді сатып алуды сұрайды.

Алайда Сіз алайын деп жатқан көлігіңіздің  шығу тегіне немесе заңдылығына күмәндансаныз Мемлекеттік кірістер комитетіне 1414 нөміріне байланыс орталығына хабарласуға құқығыныз бар.

 

Бейне түсіндіру келесі сілтеме бойынша: https://youtu.be/-tFPNy9XUMw