Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы жаңа ставкамен толықтырылды

Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы жаңа ставкамен толықтырылды

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде геостационарлық емес спутниктерді қолданумен спутниктік байланыс үшін жаңа төлемақы ставкасы қолданысқа енеді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Салық кодексіне осындай толықтырулар Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 11 шілдедегі № 135-VII ҚР Заңымен  енгізілді. 2023 жылдан бастап радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақының жылдық ставкалары толықтырылып, енді  төлемақы геостационарлық емес спутниктерді қолданумен спутниктік байланыс үшін алынады.

Қазақстан Республикасының халқы арасындағы «цифрлық теңсіздік» мәселесін шешу, сондай-ақ халықтың базалық кепілдік берілген қызметтерге қол жеткізуі және шағын және орта бизнесті дамыту есебінен әлеуметтік-экономикалық жағдайларды жақсарту мақсатында спутниктік байланыстың геостационарлық емес жүйесін енгізу жолымен елдің бүкіл аумағын Интернет желісіне жоғары жылдамдықты қол жеткізумен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. 

Қабылдауға 2 МГц/беруге 2 МГц жолағының ені үшін, түйіндесу станциясының бір қабылдау-беру құрылғысына 1 АЕК мөлшерінде жаңа төлемақы мөлшерлемесі белгіленген. 

Сонымен бірге, төлемақының жылдық мөлшерлемелері ауылдық елді мекендерде жерсеріктік технологияларды қолдана отырып, Интернетке кең жолақты қолжетімділік жобаларын қаржыландыруға төлемақының тиісті мөлшерлемесін төмендетуден босатылған қаражаттан кем емес қаражатты өз бетінше жіберген байланыс операторлары тиісті міндеттемелер қабылдаған күннен бастап 90 пайызға азайтылады. 

Төлеушілермен төлеген төлемақы сомаларын қайтару жүргізілмейді. 

Мұндай міндеттемелерді ресімдеу мақсатында байланыс операторлары байланыс саласындағы уәкілетті органға радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатты жібереді, ол міндеттемелер енгізеді және радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатты байланыс операторына қайтарады. 

Байланыс операторлары байланыс саласындағы уәкілетті органға тиісті міндеттемелерді орындағаннан кейін көрсетілген жобаларды қаржыландыру бойынша жыл сайынғы аудиттелген мәліметтерді ұсынады.