ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалау мақсатында навигациялық пломбалардың енгізіліп жатқанын бұған дейін хабарлаған болатын. Осыны жүзеге асыру мақсатында ұлттық операторды айқындау үшін конкурс жарияланды. Конкурсқа қатысушылар тиісті критерийлеге сәйкес келуі шарт.
Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отырудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау жөніндегі конкурс «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
14-1-бабына сәйкес өткізіледі.
Ұлттық операторды айқындау қағидалары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 368 бұйрығымен бекітілген (http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200027424).
Конкурстық өтінімдерді және конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі – 2022 жылғы 18 мамыр сағат 17.30.
Құжаттарды қабылдау мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады:
Нұр-Сұлтан қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, каб. 203 А, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің» ғимараты.
Ұсынылған құжаттардың толықтығын бағалау және конкурстық ұсыныстары бар пакеттерді ашу 2022 жылғы 19 мамырда сағат 10.00-де мына мекенжай бойынша жүргізіледі: Нұр-Сұлтан қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, каб. 203 А, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің» ғимараты.
Анықтама үшін телефондар: +7 (7172) 71-83-91, 71-84-29.