Мемлекеттік кірістер комитетінде валютаны алып кетуге шектеуді бұзғандағы жауапкершілік туралы ескертті

Мемлекеттік кірістер комитетінде валютаны алып кетуге шектеуді бұзғандағы жауапкершілік туралы ескертті

Шет елдік валютаны және алтын құймаларын сыртқа алып кетуге қойылған шектеуге байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде еліміздің аумағынан шығатын азаматтарға түсіндірме берді.

Мемлекеттік шекарадан өту кезінде кідірістерге жол бермеу үшін өзімен бірге (багажда) бар қолма-қол ақшаны алдын ала есептеп шығуға кеңес берілді.

Қолма-қол ақша мен шетелдік валютадағы ақша құралдары сомасының баламасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша 10 000 (он мың) АҚШ долларынан аспауы қажет. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығаратын аффинирленген алтынның 5, 10, 20, 50 және 100 грамм алтын құймалары және «ALTYN BARYS» алтынынан және «KÚMIS BARYS» күмісінен жасалған инвестициялық монеталардың, сондай-ақ 100 грамнан асатын аффинирленген алтынды өзімен бірге (багажда) алып кетуге болмайды.

МКК-де тыйым салудың бұзылуы анықталған жағдайда, тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертті. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған жағдайда он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (45,9 мың теңге) айыппұл салынады. Сондай-ақ, соттың шешімі бойынша аталған ақша мен тауарлар мемлекет кірісіне тәркіленуі мүмкін.

Осыған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығымен Қазақстан Республикасынан кететін тұлғаларға шет елдік валютаны және алтын құймалар мен монеталарды алып шығуға шектеу қойылған болатын.