Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 қарашадағы № 830 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 қарашадағы № 830 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

«Кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесінің интеграцияланған кедендік құрамдауышын («АСТАНА-1» АЖ) техникалық қолдауды қамтамасыз ету және жаңғырту жөніндегі тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын тұлғаны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 қарашадағы № 830 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді.

Қаулының жобасы «АСТАНА-1» АЖ үздіксіз техникалық қолдау мен жаңғыртуды қамтамасыз ету мақсатында ЮНКТАД-пен 2023 жылғы 11 қарашаға дейін одан әрі ынтымақтастықты жалғастыру үшін қажет.

Қаулының жобасы жария талқылау үшін «Ашық НҚА» интернет-порталына орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=12389523).