Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік салық комитетінің өкілдерімен жұмыс кездесуі болды

Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік салық комитетінің өкілдерімен жұмыс кездесуі болды

2021 жылғы 8-9 маусымда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік салық комитетінің өкілдерімен жұмыс кездесуі болды.

Кездесудің мақсаты Өнімдерді бөлу туралы келісімнің шеңберінде өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік компанияларға салық салу механизмін іске асыру бойынша салықтық әкімшілендіру саласында Қазақстанның тәжірибесін зерделеу болып табылады.

Кездесуде жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу, бухгалтерлік есепті жүргізу, қаржы және салық есептілігін жасау жөніндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ трансферттік баға қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында Комитет жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу жүйесін, салықтық әкімшілендіруді цифрландырудың бірқатар жобаларын көрсетті, сондай-ақ өзбек тарапы Байланыс-орталығының жұмысымен танысты.

Кездесудің қортындысы бойынша тараптар салық ведомстволарының жұмыс кездесуінің және өзара ынтымақтастықты нығайтуғы ұмтылудың маңыздылығын атап өтті.