Қазақстан мен Қырғызстан көлеңкелі экономикамен күреске бағытталған шараларды күшейтуге уағдаласты

Қазақстан мен Қырғызстан көлеңкелі экономикамен күреске бағытталған шараларды күшейтуге уағдаласты

2021 жылғы 17-18 маусымда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы А.Алтынбаевтың Қырғыз Республикасы Экономика және қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік кеден қызметінің төрағасы С.Исабековпен және Қырғыз Республикасы Экономика және қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік салық қызметінің төрағасы И.Иманбетовпен екіжақты кездесуі өтті. Бұл туралы ҚР Қаржы министрілігің Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

 

Жұмыс кездесулері қазақстандық тараптың бастамасымен 9-шы қазақстан-қырғыз үкіметаралық кеңесінің, 2020 жылғы 8 қыркүйектегі салық және кедендік әкімшілендіру бойынша екіжақты ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысын талқылау, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында өтті.

Кездесулер барысында контейнерлерді ҚХР-ға қайтару, екіжақты экономикалық ынтымақтастық және салықтық әкімшілендіру мәселелері бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы талқыланды.

«Келіссөздер нәтижесінде Тараптар екі елдің көлеңкелі экономикасымен күресуге бағытталған шараларды күшейту туралы уағдаласты, сондай-ақ Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасының аумағына, Ресей Федерациясына және қарсы бағытта алып өтетін тауарлар мен көлік құралдарын бақылау бойынша пилоттық жобаны ұзарту тәртібіне қол қоюға келісті»,- деп атап өтті МКК-де.

Кездесулер соңында қызметтердің төрағалары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың келешегін талқылады және жұмыс кездесулерінің Хаттамасына қол қойды.