20.05.2021 жылдың Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 22:00 бастап 21.05.2021 жылдың 00:15 уақытына дейін ЭШФ АЖ қолжетімсіз болатынын хабарлайды.

20.05.2021 жылдың Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 22:00 бастап 21.05.2021 жылдың 00:15 уақытына дейін ЭШФ АЖ қолжетімсіз болатынын хабарлайды.

 

Құрметті салық төлеушілер!

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік Кірістер Комитеті назарларыңызға   20.05.2021 жылдың Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 22:00 бастап 21.05.2021 жылдың 00:15 уақытына дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінін регламенттік жаңарту жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды.

ТІЖ рәсімдеу және ЭШФ жазып беру кезінде процестерді оңтайландыру мақсатында жүйені жаңарту процессі жүргізілетін болады:

1.  Бірлескен/Операторлық қызмет шеңберінде ЭШФ жазып беру кезінде, «Е - ӨБК қатысушысы» немесе «F – Бірлескен қызмет шартының қатысушысы» санаттарын толтыру кезінде G және H бөлімдеріндегі «ҚҚС ставкасы» және «ҚҚС – сома»  жолдарын есептеу алгоритмінің өзгеруі, атап айтқанда:

ЭШФ жазып беру күніне ҚҚС бойынша тіркеу есебінде тұрмайтын салық төлеуші үшін осы салық төлеушінің көбейтілетін H бөлімінің әрбір жолы үшін H12 «ҚҚС ставкасы» жолында «ҚҚС-сыз» мәні көрсетілуі тиіс, H13-те «0» мәні болуы тиіс.

2. «Шарт (келісімшарт)» Е бөлімі бойынша ТІЖ негізінде ЭШФ бланкісінің ФЛБ өзгеруі, атап айтқанда Е бөлімінде негізгі/түзетілген ЭШФ-ның мынадай жолдары бастапқы/түзетілген ТІЖ деректеріне сәйкес келуі тиіс:

  • 27.1 Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізуге арналған келісім (келісімшарт) - 44а. Келісім (келісімшарт) немесе келісімге қосымша өрісі бойынша
  • 27.2 Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізуге арналған шартсыз (келісімшартсыз) - 44b. Шартсыз (келісімшартсыз) өрісі бойынша
  • 27.3 нөмір- 44.1 Нөмір өрісі
  • 27.4 күні-44.2 Күні өрісі
  • 28 Шарт бойынша Төлем шарттары - 45. Шарт бойынша ақы төлеу талаптарының өрісі
  • 30.1 Тармақ тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізуге сенімхаттың нөмірі-83.2. Жол нөмірінің өрісі
  • 30.2 Тармақ тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді жеткізуге сенімхаттың күні-83.3. Жолының өрісі
  • 31.1 Тармақ жеткізу шарттары - 45.1 Жеткізу шарттары (ИНКОТЕРМС) өрісі.

Тауарды қайтаруға ТІЖ негізінде тауарды қайтаруға қосымша ЭШФ жазып берген кезде «Шарт (келісімшарт)» деген бөлімнің жолдары қайтарылған ТІЖ-мен сәйкес келуі тиіс.

3. ТІЖ журналындағы өрістерді кеңейту және қосымша сүзгілерді қосу.

4. ТІЖ бланкісіне G2-G8 бөлімдері бойынша барлық литр, тонна, дана, килограмм, миллилитр санын автоматты есептеу үшін «Барлығы» деген өрісті қосу.

 

Осыған байланысты, көрсетілген уақыт кезеңінде «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінін қол жетімді болмайды.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!