2021 жылдың 19 наурызында Наурыз мейрамын мерекелеу құрметіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ұйымдастыруымен онлайн түрде мерекелік шара өткізілді

2021 жылдың 19 наурызында Наурыз мейрамын мерекелеу құрметіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ұйымдастыруымен онлайн түрде мерекелік шара өткізілді

2021 жылдың 19 наурызында Наурыз мейрамын мерекелеу құрметіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ұйымдастыруымен онлайн түрде мерекелік шара өткізілді. Мерекелік шара МКК You Tube арнасында (kgd.gov.kz) тікелей эфирде көрсетілді.  Мерекелік шараға аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.

Карантин жағдайына байланысты биыл бірінші рет Комитет Наурыз мейрамын онлайн түрде атап өтті.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов мерекелік шараны ашып, қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтап, Наурыз - бұл ең алдымен жаңа жылдың, жаңа бастамалардың басталуын білдіретін жақсылық пен бейбітшілік мерекесі екенін айтты.

Құттықтауларға Қазақстанның Беларусь Республикасындағы Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Марат Бейсенов пен Қытай Халық Республикасындағы өкілі  Нұржан Жұмағалиев қосылып, келесі тілек сөздерін айтты:

«Наурыз – жылдың басы күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам береке мен бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке. Ак ниетпен үлкенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алып, Отанымызға береке, халқымызға игілік, мемлекетімізге молшылық және әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін. Еліміз өркендеп, бәрімізге Наурыз ынтымақ пен сәттілік алып келсін. Ортақ үйіміз Қазақстан гүлдене берсін!».

Мерекелік шара музыкамен жалғасып, көрермендер мен қатысушылар халқымыздың салт-дәстүрлерін ұлықтап, еліміздің барлық аймақтарына виртуалды саяхат жасады.

Аумақтық департаменттер көрермендерге күй тартыс, ұлттық би мен қазақтың сырға салу, беташар және тұсау кесер сияқты салт-дәстүрлері көрініс ретінде бейнеленген концерттік бағдарламаны тарту етті.

Онлайн түріндегі мерекелік шара қазақтың ұлттық спорт түрлері бойынша жарыспен аяқталды, онда Қазақстанның барлық аймақтарынан мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері ұлттық спорт түрлерінен күш сынасты.