ҚЫЗДЫРЫЛАТЫН ТЕМЕКІСІ БАР БҰЙЫМДАРҒА қатысты акциздерді әкімшілендіру туралы өзгерістер

ҚЫЗДЫРЫЛАТЫН ТЕМЕКІСІ БАР БҰЙЫМДАРҒА қатысты акциздерді әкімшілендіру туралы өзгерістер

ҚЫЗДЫРЫЛАТЫН ТЕМЕКІСІ БАР БҰЙЫМДАРҒА

қатысты акциздерді әкімшілендіру туралы өзгерістер

 

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шiлдедегi Кодексінің жаңа редакциясы енгізілгеніне байланысты, темекі бұйымдарының өндірісімен және айналымымен айналысатын салық төлеушілерге, қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға қатысты қабылданған нормативтік құқықтық актілер туралы хабардар етеді:

       - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03.11.2020 жылғы   № 1061 бұйрығымен  «Темекі өнімдеріне арналған дербес сәйкестендіру нөмірлерін-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 102 бұйрығына өзгерістер енгізілген.  Өзгерістер қыздырылатын темекісі бар бұйымдар мен қорқорға арналған темекілер түрлеріне дербес сәйкестендіру нөмірлерін-кодтарын беруге қатысты енгізілген.

       - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 30.11.2020 жылғы   -№ 1154 бұйрығымен  «Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын акциздік маркалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау маркаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 143 бұйрығына өзгерістер енгізілген.  Өзгерістер 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап қыздырылатын темекісі бар бұйымдар қорабын акциздік маркалармен таңбалауға қатысты енгізілген.               

      - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 27.11.2020 жылғы   № 1148 бұйрығымен «Темекi өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияны табыс ету қағидалары мен нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 145 бұйрығына өзгерістер енгізілген. Өзгерістер қыздырылатын темекісі бар бұйымдарының қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияны табыс етуге қатысты енгілген.

         Ақпарат алу үшін келесі тел. номерлеріне хабарласуға болады: 8 7172 718527; 8 7172 717732.