МКК халықаралық автотасымалдауды жеделдету шараларын талқылады

МКК халықаралық автотасымалдауды жеделдету шараларын талқылады

      28 қыркүйекте Мемлекеттік кірістер комитеті Халықаралық автомобиль тасымалы мәселелерін, соның ішінде шекара арқылы көлікті өткізу, CarGoRuqsat электрондық кезегінің жұмысы және слоттарды брондаудың қолжетімділігін талқылады.

      Кеңес ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары Қайрат Жұмағұловтың төрағалығымен өтті. ""Атамекен" ҰКП, "Ақпараттық-есепке алу орталығы" АҚ, Smart Cargo, салалық қауымдастықтар мен автотасымалдаушылар қатысты.

     Қазақстанның автомобиль өткізу пункттері арқылы ЕАЭО-ның сыртқы шекарасын кесіп өтетін көлік саны артып келеді.

     2026 жылдың 8 айында автомобиль өткізу пункттері арқылы 1,3 млн.автокөлік құралдары өтті. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,3% - ға көп.

     Қазақстан-Қытай шекара учаскесінде өсім 24,5% құрады. Бұл ретте Қытайдан Қазақстан арқылы автомобиль транзиті 56,1% - ға ұлғайды.

     МКК автомобиль өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда. Жаңғырту шеңберінде инфрақұрылым кеңейтілуде, қозғалыс жолақтарының саны ұлғаюда, заманауи инспекциялық-тексеру кешендері мен салмақ габаритті жабдықтар орнатылуда, сондай-ақ Цифрлық технологиялар енгізілуде.

     Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде қосымша бақылауды қажет етпейтін жүк көлігінің өту уақыты 9 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарды.

     Бұл ретте сыртқы автомобиль өткізу пункттерінің жалпы өткізу қабілеті 2022 жылмен салыстырғанда 2,6 есеге ұлғайды.

    Қатысушылар CarGoRuqsat электрондық кезек жүйесінің жұмысын бөлек қарастырды.

    Тасымалдаушылар брондау, көлік қозғалысын ұйымдастыру және тоқтап қалу уақытын қысқарту үшін слоттардың қолжетімділігі мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, электрондық кезекті одан әрі жетілдіру және құрылған инфрақұрылымды пайдалану тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар қаралды.

     Кездесу қорытындысы бойынша халықаралық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыруды және CarGoRuqsat жүйесінің жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді.

      МКК шекараның өткізу қабілетін арттыру, рәсімдерден өту уақытын қысқарту және халықаралық тасымалдаушылар үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау үшін мемлекеттік органдармен, шектес қызметтермен және бизнес-қоғамдастықпен бірлескен жұмысты жалғастырады.