Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 2026 жылғы 1–3 қазанда жұмыс істемейді

Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 2026 жылғы 1–3 қазанда жұмыс істемейді

     Мемлекеттік кірістер комитеті Қытай Халық Республикасының құрылған күнін мерекелеуге байланысты 2026 жылғы 1, 2 және 3 қазанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері арқылы адамдарды, көлік құралдарын және жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын хабарлайды.

    Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

    Мемлекеттік шекарадан өтуді жоспарлап отырған тасымалдаушылар мен азаматтардан маршруттарын алдын ала жоспарлау кезінде аталған шектеулерді ескеруді сұраймыз.