Мемлекеттік кірістер органының алғаш қабылданған қызметкерлері үшін кәсіптік даярлық курсы өткізілді

Мемлекеттік кірістер органының алғаш қабылданған қызметкерлері үшін кәсіптік даярлық курсы өткізілді

   2026 жылғы 14-25 қыркүйек  аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу – әдістемелік орталығы (бұдан әрі-ОӘО) ZOOM платформасын пайдалана отырып, 1 (бір) жылға дейінгі жұмыс өтілі бар және кәсіби даярлау курстарынан өтпеген мемлекеттік кірістер органдарына алғашқы рет қабылданған қызметкерлер      үшін кәсіби даярлау курсын өткізді.
   Іс-шараның мақсаты – салық пен кеден саласында мемлекеттік кірістер органдарының алғаш қабылданған қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын қалыптастыру. 

   Курсқа тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.

   Қашықтықтан оқыту курсында қатысушылар бағдарламаға сәйкес салықтық және кедендік әкімшілендіру  бойынша 26 тақырыпты зерделеді.

   Дәріскерлер ретінде ОӘО оқытушылар құрамы және Мемлекеттік көрсетілетін қызмет департаментінің қызметкерлері қатысты.

   А. ж. 25 қырқүйекте курс тыңдаушылары кәсіби даярлау бойынша қорытынды білім деңгейін анықтады.

   Курстын қорытындысында 260 қатысушы курсты сәтті аяқтағаны туралы электронды куәліктер алды.      

   Іс-шарадан кейін қатысушылар арасында сауалнама жүргізілді. Пікірлер ұйымның сапасына, бағдарлама мазмұнына және оқытушылардың жұмысына жоғары деңгейде қанағаттанатындықтарын көрсетті.