Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 2026 жылғы 25 қыркүйекте жұмыс істемейді

Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері 2026 жылғы 25 қыркүйекте жұмыс істемейді

     

    Мемлекеттік кірістер комитеті Қытай Халық Республикасында «Күз ортасы мерекесінің» атап өтілуіне байланысты 2026 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері арқылы жеке тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын хабарлайды.

    Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

    Тасымалдаушылар мен мемлекеттік шекарадан өтуді жоспарлап отырған азаматтарды енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауға шақырамыз.