Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған алшақтықтар туралы

       Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылдың 2 жартыжылдығы үшін оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілердің кірістерді толық көрсетуі бойынша камералдық бақылау нәтижелерімен алшақтықтар анықталғанын хабарлайды.

       Алшақтықтар салықтық нысандардың, электрондық шот-фактуралардың (ЭШФ) және екінші деңгейдегі банктердің мәліметтерінің (POS-терминалдар және мобильді төлемдер) деректерін зерделеу және талдау негізінде анықталды. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық төлеушілерге тиісті хабарламалар жіберілді.

       Камералдық бақылаудың мақсаты – салық төлеушіге алшақтықтарды өз бетінше жою мүмкіндігін беру.

       Хабарламаны алған кезде не істеу керек

       Орындауға 30 жұмыс күні – шамамен 45 күнтізбелік күн беріледі.

        Егер сіз алшақтықпен келіссеңіз – қосымша салықтық есептілікті ұсыныңыз және өзіңіз есептеген салық сомаларын дербес төлеңіз.

         Егер бұзушылық жоқ деп есептесеңіз – негіздемесі бар түсіндірмені ұсыныңыз. Бұл хабарламаны орындаудың тең дәрежелі тәсілі болып табылады.

         Хабарламаның бар-жоғын тексеруге және оны орындауға салық төлеушінің жеке кабинеті арқылы болады.

         Комитет салық төлеушілерді салық міндеттемелерін уақтылы орындауға шақырады.