Батыс Қазақстан облысында өңірлік форум өтті

Батыс Қазақстан облысында өңірлік форум өтті

    2026 жылғы 10–11 қыркүйек аралығында Орал қаласында «Қазақстандағы және көршілес елдердің шекаралас юрисдикцияларындағы оңалту және банкроттық туралы заңнаманы реформалау» тақырыбында өңірлік форум өтті.

     Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері қатысып, оңалту және банкроттық саласындағы заңнаманы жетілдіру бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Сонымен қатар, аталған саладағы өзін-өзі реттеу тетіктерін одан әрі дамыту қажеттігі атап өтілді.

     Іс-шара барысында судьялармен, оңалту және банкроттық рәсімдерінің әкімшілерімен, сондай-ақ Өзбекстан Республикасынан шақырылған қонақтармен бірлесіп, өзекті мәселелер, оның ішінде банкроттық рәсімдеріндегі әкімшілер мен қаржы басқарушылардың рөлі, қасақана банкроттық белгілерін анықтау және заңнаманы қолданудың басқа да аспектілері талқыланды.

    Форум оңалту және банкроттық саласындағы заңнаманы жетілдіру мен құқық қолдану практикасының өзекті мәселелерін талқылау және тәжірибе алмасу алаңына айналды.