
МКК-нің ұжымы ҚР кеден жүйесінің дамуына ұзақ жылдар бойы өлшеусіз үлес қосқан жоғары білікті маман Ануар Амангелдіұлы Ельгельдиевтің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Еңбек жолында ол кедендік әкімшілендіруді жетілдіруге, кеден қызметін жаңғыртуға, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және еліміздің сыртқы экономикалық байланыстарын нығайтуға елеулі үлес қосты. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы кедендік және салық саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беріп, маңызды бірлескен бастамалардың жүзеге асуына және әріптестік байланыстардың нығаюына зор еңбек сіңірді.
Мемлекеттік қызметтен кейін де Ануар Амангелдіұлы ел игілігі жолындағы еңбегін жалғастырды. Ол өмірінің соңына дейін өз ісіне адал болып, Қытайға жасаған жұмыс сапары кезінде дүниеден өтті. Ануар Амангелдіұлының білікті маман, сенімді әріптес әрі өз елінің патриоты ретіндегі жарқын бейнесі оны таныған және бірге қызмет атқарған жандардың жүрегінде мәңгі сақталады.