Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бұған дейін электрондық сауда тауарларына қатысты жаңа кедендік реттеу нормаларының 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енуі жоспарланғаны туралы хабарлаған болатын.
Аталған мерзім Еуразиялық үкіметаралық кеңес тапсырмасын орындау шеңберінде айқындалды. Тапсырмаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер 2026 жылғы шілдеден бастап жаңа нормаларды қолдануға дайын болуы тиіс еді.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта ЕАЭО-қа мүше мемлекеттердің бірінде ЕАЭО Кеден кодексіне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды ратификациялауға қажетті мемлекеттік ішкі деңгейінде рәсімдер аяқталған жоқ. Осыған байланысты бірыңғай қағидалар Одаққа мүше барлық мемлекеттердің аумағында бір мезгілде күшіне ене алмайды, сондықтан оларды енгізу мерзімі кейінге шегеріледі.
Жаңа күшіне ену күні туралы барлық мүше мемлекеттер қажетті мемлекеттік ішкі деңгейіндегі рәсімдерді аяқтап, тиісті шешім қабылдағаннан кейін қосымша хабарланатын болады.
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан, электрондық сауда операторларынан және өзге де мүдделі тұлғалардан осы ақпаратты өз қызметін жоспарлау кезінде ескерулерін сұраймыз.