
Құрметті салық төлеушілер!
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ тарапынан 2026 жылғы 27 маусым сағат 21:00-ден 28 маусым сағат 05:00-ге дейін жоспарлы жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды.
Көрсетілген кезеңдерде «ЗТ МДБ (Заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер базасы)», «ЭҮШ (Электрондық үкімет шлюзі)», «ЭҮТШ (Электрондық үкіметтің төлем шлюзі)», «DID (Digital ID)» жүйелерінің мерзімді түрде қолжетімсіз болуы байқалады, осыған байланысты «КГД» ақпараттық жүйесінің сервистері де қолжетімсіз болуы мүмкін.