
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылдың I тоқсанындағы банктік операциялары бойынша кәсіпкерлік қызметтен табыс алу белгілері анықталған жеке тұлғаларға ақпараттық хаттар жолдады.
Мұндай хаттар келесі белгілер бір мезгілде анықталған азаматтарға жіберіледі:
Мұндай хатты алу азаматтың жауапкершілікке тартылғанын білдірмейді. Хат ақпараттық-түсіндіру сипатында жолданады және салық заңнамасының талаптарына сәйкес өз қызметін өз еркімен ретке келтіруге мүмкіндік береді.
Егер сіз осындай хат алған болсаңыз және іс жүзінде кәсіпкерлік қызметпен айналыссаңыз, алынған табысты заңдастыру қажет. Ол үшін:
Салық төлеушінің мәртебесіне байланысты табыстар төмендегідей көрсетіледі.
Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаларға арналған арнайы салық режимін (мобильді қолданба түбіртектері жасалмаған сомаларға қатысты) қолданатын жеке тұлғалар 2026 жылға арналған Кірістер мен мүлік туралы декларацияда (270.00-нысан) табыстарын көрсетуге тиіс. Декларацияны 2027 жылғы 1 қаңтардан 15 қыркүйекке дейін тапсырып, жеке табыс салығын 2027 жылғы 25 қыркүйекке дейін төлеуі қажет.
Жеке кәсіпкерлер үшін:
Егер жүргізіліп отырған қызмет кәсіпкерлік қызмет болып табылмаса немесе алынған хат бойынша сұрақтарыңыз болса, 1414 байланыс орталығына немесе мемлекеттік кірістер органдарына жүгінуге болады.
Мемлекеттік кірістер комитеті салық міндеттемелерін уақтылы орындау салықтық әкімшілендірудің кейінгі рәсімдерін болдырмауға мүмкіндік беретінін еске салады. Салық міндеттемелері уақытында орындалмаған жағдайда, салық төлеушіге камералдық бақылау нәтижесінде анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарлама жолданатын болады.