МКК-де жаңа Бюджет кодексінің нормаларын енгізу мәселелері талқыланды

МКК-де жаңа Бюджет кодексінің нормаларын енгізу мәселелері талқыланды

       2026 жылғы 10 маусымда Мемлекеттік кірістер комитетінде Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасындағы өзекті өзгерістерге арналған семинар өтті.

      Іс-шараға мемлекеттік кірістер органдарының қаржы қызметтерінің өкілдері, сондай-ақ ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Техникалық инфрақұрылымды дамыту және қаржылық қамтамасыз ету департаментінің мамандары қатысты.

     Семинар барысында Қазақстан Республикасының жаңа Бюджет кодексінің негізгі ережелері, бюджеттік өтінімдерді жоспарлау және қалыптастыру мәселелері, сондай-ақ бюджеттік процесті реттейтін нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер қарастырылды.

     Жаңа заңнамалық нормаларды іс жүзінде қолдану және бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар заңнамадағы жаңашылдықтарға қатысты қажетті түсіндірмелер алып, оларды іске асыру барысында туындайтын практикалық мәселелерді талқылады.

     Осындай іс-шараларды өткізу заңнамадағы өзгерістерді уақтылы енгізуге және бюджет қаражатын басқару сапасын арттыруға ықпал етеді.