Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың банкроттық рәсімдерін жетілдіруді жалғастырып, оларды барлық қатысушылар үшін неғұрлым ыңғайлы, ашық және қолжетімді етуге бағытталған жұмыстар жүргізуде.
Бұрын банкроттық мәселелері бойынша көптеген құжаттар мен өтініштерді қағаз түрінде немесе әртүрлі ақпараттық жүйелер арқылы жолдау қажет болса, бүгінгі күні процестердің басым бөлігі электрондық форматқа көшірілді.
2024 жылғы қазан айынан бастап заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің оңалту және банкроттық рәсімдері Салық төлеушінің кабинеті арқылы цифрлық форматта қолжетімді болды. Бұл рәсім әкімшілері, кредиторлар және мемлекеттік кірістер органдары арасындағы өзара іс-қимылды айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік берді.
2026 жылдың басынан бастап қосымша электрондық сервистер енгізілді:
Жаңа цифрлық шешімдер тәжірибеде белсенді түрде қолданылуда. Тек 2025 жылдың ішінде рәсім әкімшілері оңалту және банкроттық рәсімдерінің барысы туралы 3 мыңнан астам өзекті мәліметті орналастырған.
Жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерін жетілдіру жұмыстары да жалғасуда. Qoldau жүйесінде кредиторлар үшін мемлекеттік кірістер органдарының шешімдеріне келіспеген жағдайда шағымдарды электрондық форматта беру мүмкіндігі іске асырылды.
Сонымен қатар, Комитет банкроттық рәсімдеріне қатысушылармен түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Өткізілген кездесулер мен консультациялардың нәтижесінде негізсіз өтініштер саны едәуір азайып, азаматтардың мәселелерін қарау мерзімдері қысқарып, өзара іс-қимыл тиімділігі артты.
Жүргізіліп жатқан цифрландыру ақпарат алмасу мерзімдерін қысқартуға, қағаз түріндегі құжат айналымын азайтуға, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға және банкроттық рәсімдерін барлық қатысушылар үшін неғұрлым ашық әрі ыңғайлы етуге мүмкіндік береді.
Техникалық мәселелер бойынша support.ecc.kz қолдау қызметіне жүгінуге болады. (https://support.ecc.kz/saw/ess?TENANTID=773418025)