Қашықтықтан семинар өткізілді

2026 жылғы 2-3 маусым аралығында Оқу-әдістемелік орталығы Комитеттің Ақпараттық қауіпсіздік басқармасы және «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығымен бірлесіп, «Ақпараттық қауіпсіздік негіздері, ақпараттық қауіпсіздік саясаты» тақырыбына қашықтықтан семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметкерлер арасында киберқауіпсіздік саласында хабардарлықты арттыруға және кибергигиеналық дағдыларды дамытуға багытталған. Дәрісте киберқауіптердің негізгі түрлері, фишингтік шабуылдардан қорғану әдістері және цифрлық саладағы қауіпсіз мінез-құлық ережелері қарастырылды.
Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.
Дәріскер ретінде:
- Әділбек Мерекеұлы Шаяхметов – «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының киберқауіпсіздік архитекторы сөз сөйледі.
Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.
Семинар қорытындысы бойынша 152 қатысушы біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы электронды сертификат алды.