Қашықтықтан семинар өткізілді

Қашықтықтан семинар өткізілді

       

     2026 жылғы 12-14  мамыр аралығында  Оқу-әдістемелік орталығы  ҚР ҚМ МКК Ірі салық төлеушілер департаменті 
Ірі салық төлеушілер басқармасымен бірлесіп, «MLI қолдану (салықтық базаны шайып кетуге және пайданы салық салудан
шығаруға қарсы шараларға қатысты салықтық келісімдерді орындау жөніндегі көпжақты конвенция)» тақырыбына қашықтықтан семинар өткізді.


Іс-шараның мақсаты – Мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлеріне салық базасын азайтуға
және пайданы салық салудан шығаруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында салықтық келісімдерге қатысты шараларды орындау жөніндегі
Көпжақты конвенцияны (MLI) қолдану тәртібін түсіндіру.


Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының  қызметкерлері қатысты.

Дәріскер ретінде:

- Санжар Мұхтарұлы Молдабеков – ҚР ҚМ МКК Ірі салық төлеушілер департаменті Ірі салық төлеушілер
басқармасының басшысы сөз сөйледі;


Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.

Семинар қорытындысы бойынша 112 қатысушы біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы электронды сертификат алды.