ТМД мемлекеттері салық қызметінің халықаралық жастар форумы

ТМД мемлекеттері салық қызметінің халықаралық жастар форумы

       2026 жылғы 12 мамырда Шымкент қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттері салық қызметінің халықаралық жастардың форумының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

     Ауқымды іс-шарада Достастық елдерінің салық әкімшіліктерінің өкілдері, жас мамандар, салалық сарапшылар мен бейінді мемлекеттік орган басшылары бас қосты.

     Форум қатысушыларына арнап Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов құттықтау сөз сөйледі.

      Ержан Біржанов өз сөзінде қазіргі заманғы салық қызметі тек тиімді әкімшілендіру ғана емес, сонымен қатар сенімге, қолайлылыққа және клиентке бағдарланған тәсілге негізделген сервистік экожүйе екенін атап өтті.

     Сонымен қатар мемлекеттік сервистерді дамыту мен цифрлық трансформацияда жас буынның рөліне ерекше назар аударылды.

      «Мемлекет пен азамат арасындағы шекараны түбегейлі жоятын, салық қызметін сенімді цифрлық көмекшіге айналдыратын – дәл осы жас көшбасшылар», – деді Е. Біржанов.

      Бақытжан Слямов өз сөзінде ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығын, институционалдық жадыны сақтауды және Достастық елдерінің салық әкімшіліктері арасындағы кәсіби өзара іс-қимылды нығайтуды атап өтті.

     «Бүгінде салық қызметі – ең жоғары технологиялы мемлекеттік экожүйелердің бірі. Біз мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалыптастыра отырып, Big Data, жасанды интеллект және блокчейн технологияларымен жұмыс істейміз», – деді Б. Слямов.

     Үш күн бойы форумға қатысушылар салықтық әкімшілендіруді цифрландырудың өзекті мәселелерін, қазіргі заманғы IT-шешімдерді енгізуді, жасанды интеллект технологияларын қолдануды, клиентке бағдарланған тәсілдерді дамыту, сондай-ақ жастардың мемлекеттік институттарды трансформациялаудағы рөлін талқылайды.

      Халықаралық жастар форумы ашық диалог, үздік практикамен алмасу, жаңа бастамалар әзірлеу және ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасындағы кәсіби ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға арналған тиімді алаң болмақ.