Қашықтықтан семинар өтті

Қашықтықтан семинар өтті

            2026 жылғы 28 – 30 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Ірі салық төлеушілер департаментінің Бейрезиденттерге салық салу басқармасымен бірлесіп «Жаңа салық кодексіне сәйкес бейрезиденттердің табыстарын әкімшілендіру» тақырыбына  ZOOM платформасы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.

              Іс-шараның мақсаты – аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін бейрезиденттерге салық салу бөлігінде жаңа Салық кодексіндегі   өзгерістермен таныстыру.

             Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдары  қызметкерлері қатысты.

           Дәріскерлер ретінде: ҚР ҚМ МКК Ірі салық салушылар департаменті Бейрезиденттерге салық салу  басқармасы басшысының орынбасары - Кымбат Аруовна Ибраева; ҚР ҚМ МКК Ірі салық салушылар департаменті Бейрезиденттерге салық салу  басқармасының бас сарапшысы - Әйгерім Айбарқызы Досқалиева;  ҚР ҚМ МКК Ірі салық салушылар департаменті Бейрезиденттерге салық салу  басқармасының  сарапшысы - Райымбек Муратович Жасталапов қатысты.

            Семинардың қорытындысы бойынша 103 қатысушы тестілеуден өтті және біліктілігін сәтті арттырғандығы туралы электронды сертификат алды.