МКК кері байланысты ескере отырып, Cалық төлеушінің кабинетін жетілдіруде

МКК кері байланысты ескере отырып, Cалық төлеушінің кабинетін жетілдіруде

       ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті бухгалтерлер мен салық төлеушілерден келіп түскен ұсыныстарға талдау жүргізді. Олардың негізінде есеп беруді оңайлататын және жүйені ыңғайлы ететін жаңартулар пакетін іске асырды:

  1. Қателермен жұмыс істеуді оңтайландыру. Енді СЕН-ді толтырған кезде барлық қателер нақты ашық жолға дереу өту мүмкіндігімен бірыңғай тізімде көрсетіледі. Бұл деректерді түзету процесін едәуір жылдамдатады.
  2. Басып шығарудың бастапқы форматы. Классикалық интерфейсте толтырудың кез-келген кезеңінде СЕН басып шығару нысанын қарау іске асырылады.
  3. Жеке шоттардың икемділігі. МКО немесе ЖӨӨБ кодын міндетті түрде көрсетпей жеке шоттарды қалыптастыру мүмкіндігі пайда болды. Жеке шотты қарау енді БСК бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары бөлінісінде қолжетімді.
  4. Құрылымдық бөлімшелерді қолдау. Бұрын қол жетімді болмаған құрылымдық бөлімше бойынша жеке шотқа сұрау салу функциясы енгізілді.
  5. Журналдардың ақпараттылығы. Сұрау салуларды өңдеу нәтижелерінің журналы жетілдірілді. МКО/ЖӨӨБ ашық жолы, есепті кезең, нақты жіберу және жауап алу уақыты қосылды.

         Жүйені жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда, сындарлы ұсыныстар назарға алынып, жаңартулардың негізіне алынады.

        Пайдаланушыларға ыңғайлы болу және туындаған мәселелерді жедел шешу үшін бірнеше байланыс арналары қарастырылған:

  1. СӘИЖ. СӘИЖ интерфейсінде «Қолдау» → «Кері байланыс» бөліміне өтіңіз. «МКК АЖ қолдау қызметі» түрін таңдаңыз, жағдайды сипаттаңыз және скриншоттарды тіркеңіз. Өтінімнің мәртебесін «Менің өтініштерім» бөлімінде бақылауға болады.
  2. Telegram арнасы - @finQoldau
  3. E-mail. knpsd@ecc.kz.-ке сипаттама мен тіркемелері бар хат жолдаңыз.

       Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге кері байланыс және цифрлық сервистерді дамытуға қосқан сындарлы үлесі үшін алғыс білдіреді.