
2026 жылғы наурыз–сәуір айларында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге қосылған құн салығы (300.00 нысаны) бойынша декларациялар негізінде камералдық бақылау шеңберінде «ҚҚС бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу сомаларын төмендету және сатып алу сомаларын жоғарылату туралы» хабарламалар жолдады.
Хабарламаларды жолдаудың негіздері:
Хабарламалар электрондық шот-фактуралар, бақылау-кассалық машиналар деректері және салық есептілігін салыстыру негізінде қалыптастырылған.
Хабарламаны орындау мерзімі — 30 жұмыс күні (шамамен 45 күнтізбелік күн).
Жағдайға байланысты салық төлеуші:
Назар ауарамыз, түсініктеме беру немесе есептілікті түзету камералдық бақылауды аяқтауға негіз болып табылады.
Хабарлама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету шаралары қолданылады. Сонымен қатар, салық органы ұсынылған түсіндірмелерді растау қажеттілігі туындаған жағдайда да, хабарламаға жауап болмаған кезде де салықтық тексеру тағайындауға құқылы.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерді алынған хабарламаларға мұқият қарап, қажетті шараларды уақтылы қабылдауға шақырады.