
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтының жоспарлы жабылуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін көлік құралдарына, оның ішінде жеңіл және жүк (Еуропа елдерінен) көлік құралдарына қатысты бағалық ақпарат мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында (ЕПИР ГО) орналастырылған, сондай-ақ, «Ашық деректер» порталында (data.egov.kz).
Аталған құрал анықтамалық сипатқа ие және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды бағдарлау үшін арналған.
Бағалық ақпаратты жариялау кедендік рәсімдерінің ашықтығын арттыруға, кедендік құнды айқындау тәсілдерінің бірізділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ, дұрыс емес декларациялау жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Бағалық дерекқорды келесі сілтеме арқылы табуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/documents/details/180182?lang=kk .