Онлайн-тренинг өткізілді

Онлайн-тренинг өткізілді

            Кедендік операцияларға тартылған Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі - ОӘО) «IWI AG» және «Сolgate-Palmolive Company» Компанияларымен бірлесіп 2026 жылдың 27 сәуір сағат 15.00 ден 16.00-ға дейін ОӘО базасында «Контрафактілік өнімдерді айқындау және анықтау бойынша тәжірибе» тақырыбында қашықтықтан Polycom бейнеконференц байланысы арқылы онлайн-тренинг өткізді.

            Өткізілген онлайн-тренингтің мақсаты – Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын кесіп өту кезінде Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлеріне ерекше брендтік өнімдер мен контрафактілік өнімдер арасындағы айырмашылықтарды үйрету болып табылады.

Дәріскерлер ретінде:

          - «IWI AG»  компаниясының өкілі Алимбаев Алпысбай Богданович;

          - «Сolgate-Palmolive Company»  компаниясының өкілі  Надточий Михаил Дмитриевич сөз сөйледі.

          Онлайн-тренингке аумақтық Мемлекеттік кірістер органдарының 96 қызметкері қатысты.