Қашықтықтан семинар өткізілді

Қашықтықтан семинар өткізілді

2026 жылғы 14–16 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы Аудит департаментінің берешекпен жұмыс басқармасымен бірлесіп, «Қазақстан Республикасының Салық кодексіне салық берешегін өндіріп алу бөлігіндегі өзгерістер» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты — 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер туралы ақпарат беру, атап айтқанда, кейінге қалдыру және бөліп төлеу рәсімдерін жеңілдету, берешекті өндіріп алуда сараланған тәсілді енгізу, салықтар мен әлеуметтік төлемдерді әкімшілендірудің тиімділігін арттыру, әкімшілік жүктемені азайту және салық міндеттемелерін ерікті түрде орындауды ынталандыру.

Семинарға тыңдаушы ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында Polycom бейнеконференцбайланысы арқылы дәрістер оқылып, лекторлар ретінде:

Ескалиева Арайлым Канатқызы — КГД МФ РК Аудит департаментінің берешекпен жұмыс басқармасы басшысының орынбасары;

Балмаганбетова Жанат Дастанқызы — КГД МФ РК Аудит департаментінің берешекпен жұмыс басқармасының бас сарапшысы сөз сөйледі.

Семинар барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға лекторлар толыққанды жауаптар берді.

Семинар қорытындысы бойынша 152 қатысушыға біліктілікті арттыру туралы сертификаттар табысталды.